Серіктестер

Меруерт мейрамханасы


«Меруерт» мейрамханасы


Залдарының саны: Банкет залы - 300 орындық / Кіші зал - 30 орындық
Ас үйі: Еуропалық ас үй / Қазақ ас үйі    Музыкасы: Жанды мүзыка

«Меруерт» мейрамханасындағы 300 адамға арналған банкет залы – Сіздің мерекеңізді өткізуге арналған таптырмас орын!
Біз оның ауқымына қарамастан іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өз көмегімізді ұсынамыз. Мерейтойлар, бірлескен банкеттер, мектеп бітіру кештері – бізде үнемі тамаша қызмет көрсетіліп, жайлы жағдай қамтамасыз етіледі.
Шағын отбасылық және бірлескен іс-шараларды өткізу үшін Біз камині бар, ұлттық нақышта безендірілген Шағын банкет залын ұсынамыз. Зал 40 адамға есептелген. Күнделікті бизнесс-ланч сыйымдылығы 30 адамға дейінгі Шағын банкет залында беріледі.
Ұзақ түстенуге уақытыңыз жоқ па? Сізге шайдың әр түрлері, үнемі тамаща кофе және өзіміздің кондитерімізді пісірілетін жаңа піскен тәтті тағамдар ұсынылады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Республика даңғылы, 19  
Телефон: +7 (7172) 21-78-04
Жұмыс сағаттары: сағат 12.00 бастап 01.00 дейін
Сұңқар сауда үйі


«Сұңқар» сауда үйі



Астана қаласының тіршілік қайнаған орындарының бірі – Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан. «Сұңқар» сауда үйінің аумақтық орналасуы (көлік байланысының, ірі компаниялар офистерінің, ҚР «Ұлттық Банкінің» болуы) оны елорданың халық көп баратын сауда орталығының біріне жатқызады. Сауда үйіндегі өнеркәсіптік және азық-түліктік тауарларының көп түрлілігі, сатушылар мен кеңесшілердің кәсіби командасы – сауда үшін ең қолайлы жағдайды жасап отыр.
«Сұңқар» сауда үйінің жұмыс режимі:
азық-түлік бөлімдері – тәулік бойы
өнеркәсіптік бөлімдер сағат 10.00 бастап 20.00 дейін
Сұңқар демалыс үйі


«Сұңқар» демалыс үйі


«Шортанды» (Щучинский) санаториінің курортты аймағында, орманның тым-тырыс бөлігінде, Шортанды көлінен алыс емес жерде орналасқан.
2 орындық жайлы номерлер мен люкс номерлер.
Тәуліктік бағасы бір адамға 4500 теңгеден бастап 5000 теңгеге дейін (осы бағаға таңғы ас кіреді).
Балаларға арналған балалар алаңы бар.
Сауна сағатына 2500 теңге.

Телефон: +7 (71636) 9-02-91
Төлебай мешіті


«Төлебай» мешіті



Іргетасы 2001 жылы қаланып, 2004 жылы салынған болатын. Мешіт биіктіктері 46,6 метр болып келетін екі мұнарасымен сәулет өнерінің табысты туындысы болып табылады. Негізгі күмбезінің биіктігі 26,5 м., ал кіші күмбезінің биіктігі 17,5 м. Мешіттің жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метрді құрайды.
Сыйымдылығы 2000 адамнан тұратын мешіт үш қабатты болып келеді. Бірінші қабатта намаз оқу бөлмесі, имамдар демалатын бөлме мен әйелдер залы орналасқан. Екінші қабатта негізгі зал орналасқан, оның сыйымдылығы 1000 адамнан асады, онда жас жұбайлардың некесін қию бөлмесі, намаз оқу бөлмесі және кітапхана орналасқан. Сонымен қатар үшінші қабаттың балконында да барлық қолайлылықтар жасалған.
Төлебай мешітінің имамы Сыматаев Ибрагим қажы Келдібайұлы.

Мекенжайы: Астана қ., Итернациональный (Учхоз) Алматы ауданы, Алтын дала көшесі, 1
Телефон: +7 (7172) 29-76-06
Тағам дәмханасы


«Тағам» дәмханасы



Төлебай мешітінде орналасқан «Тағам» (халал) дәмханасынан дәм татуға шақырамыз.
Біз әр түрлі салтанатты мерекелер, мерейтойлар, балалар мерекелерін өткіземіз, ас береміз.
Сіздің қызметіңізге 300 адамша арналған банкет залы, ұлттық асхана, жаңа пісірілген тәтті нандар ұсынылады.

Мекенжайы: Астана қ., Итернациональный (Учхоз) Алматы ауданы, Алтын дала көшесі, 1/1
Телефон: +7 (7172) 48-37-77, 8 701 667 1206
Милана флористика студиясы


«Милана» флористика студиясы



«Милана» флористика студиясы өз клиенттеріне жер шарының әр түкпірінен әкелінген жаңа өскен, бөлмелік, ландшафтылық және сәнді гүлдер мен өсімдіктерді ұсынады.
Сіз «Миланнан» толқыған кездесуге арналған жаңадан кесілген гүлдерді сатып ала аласыз, ал бөлме өсімдіктері мен ағаштар үйдің сән-салтанатына одан көп жарық пен жайлылықты жасау мүмкіндігін береді.
Ал жасанды гүлдер мен композициялар банк офистерінен, ірі компанияларда, мейрамхана холлдарында, сауда орталықтарында, сәулет шеберханалары мен дизайн-студияларынан өз орындарын алары сөзсіз.
Өйткені мұндай гүл туындылары – талғамның, интеллектуалдық деңгейдің, сондай-ақ ұжымның талғамының көрсеткіші.

Телефон: +7 (7172) 21-81-75