Сұңқар қонақ үйі

Қонақ үй туралы


Астананың тыныш бұрышында орналасқан «Сұңқар» қонақ үйі қонақтарды тұру мен демалуға шақырады.

Отельдің кішіпейіл персоналдары тәуліктің кез-келген уақытында сізді ашық жүзбен қабылдайды және осында тұруыңыздың барынша алаңсыз және ыңғайлы болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.


Қонақ үйдің орналасқан орнының қолайлылығы, инфрақұрылымның дамуы, қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, сонымен қатар бағасы мен сапасының сай келетін арасалмағы іскери адамдар мен туристердің тамаша таңдау жасауына алып келеді.


Біз сізді әуежайдан немесе сапаржайдан қуана қарсы аламыз.
Әуежайдан отелге дейінгі жол 20-25 минут уақытты алса, темір жол сапаржайынан бастап таксимен 10 минут уақыт кетеді.


Жайлы номерлер барлық қажетті жайлылықпен, кабельді теледидармен, ауабаптағыштармен, Wi-Fi интернетімен жабдықталған.


Барлық номерлер күзету және өрт дабылдарымен қамтамасыз етілген.


Отельде толық тынығу мен жақсы көңіл күй үшін еуросауна бар, оның кешеніне тамаша финдер моншасы, түрік хамамы, жылы бассейн кіреді. Белсенді демалуды ұнататындар тренажерлерде айналыса алады, уқалаушының қызметтерін пайдалана және демалыс бөлмесінде бильярд ойнай алады.


Отельде кредит карточкаларын (Visa, MasterCard, EuroCard), қолма қол немесе аудару арқылы есеп айрысуға болады.




«Сұңқар» қонақ үйіне қош келіңіздер!